1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНДЫ ЖҰМЫС ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БАР

Биылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Кәрібайұлы өңірлік коммуникациялар алаңында айтты. Жалпы, жаңа арнаулы әлеуметтік көмек Мемлекет басшысының былтыр қыркүйекте берген нақты тапсырмасы аясында жүзеге асуда.
Ал, Шымкент қаласы бойынша жалпы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың 80-ге жуығы арнаулы әлеуметтік көмекке жүгінген. Дегенмен, бұл статистика күн сайын өзгеруде дейді мамандар. Жұмыскердің еңбек құқығына сәйкес кез-келген уақытта қажетті құжаттар тізімін, жұмыс берушіге ұсыну арқылы ай сайын орташа есеппен 180 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін ала алады. Бірақ, жұмыскер 55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы керек. Сондай-ақ, өтінім қабылданғаннан кейін зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген азамат тиісті сараптамаларға сәйкес, жеңіл жұмысқа ауысуы немесе жұмыстан шығуы қажет. Аталған арнаулы әлеуметтік төлем зейнет жасына дейін берілетін болады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2024 жылдың 1 жартыжылдық есебі бойынша атқарылған жұмыстар көңіл көншітерлік. Азаматтардың шағымдарын дер кезінде қарап, кері байланыс құрамыз деген департамент басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін де біршама шаралар жүргізгендерін айтты.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 205 мыңнан астам азаматты құрайды. Олардың барлығы тиісті құжаттарға сәйкес анықталған. Дегенмен бұл көрсеткіш былтырғы жылдармен салыстырғанда еселене түскеніде жасырын емес. Ал, кейбір азаматтардың әлеуметтік көмекке әлі күнге дейін жете алмай сабылуы, дұрыс бағыттың болмауынан деп түсіндірді Руслан Кәрібайұлы.
– Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылып, есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу және заңсыз тағайындалған төлемдер жоқ. 2024 жылдың 1-ші жарты жылында азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 34 772 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 948 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 2,7% құрады. 26 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданды,-дейді департамент басшысы.

Ұқсас ақпараттар

РЕСТОРАНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕРГЕ ТЕГІН 2200 ШЫНЫ «ШЫМКЕНТ ШАЙЫ» БЕРІЛІП, РЕКОРДҚА ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ЕЛ ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНІП ЖҮР

smarttop

Пікір қалдыру