4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫНДАР ЗАҢГЕРЛЕРДЕН ТЕГІН КЕҢЕС АЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының тұрғындары үшін «Арбат» саябағында «Халық заңгері» акциясы өтті. Акция аясында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар тегін көмек көрсетті. Бұл шара қалада алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Жыл басынан бері бірнеше мәрте сауда орталықтары мен саябақтарда кездесу өткізілген.
Қоғамдық қабылдау барысында заңгерлер және адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар, заң сарапшылары жер телімін заңдастыру, алимент өндіру, еңбек қатынастары, жұмысқа орналасу, мемлекеттік жәрдем алу сияқты мәселелер бойынша тегін кеңес берді. Достық шағынауданында құжатсыз үй салған мына тұрғын баспанасына кіре алмай жүр екен. Сөзінше, үй-жайды салып болған соң оның басқа егелері табылып, олар тіпті үйіне кіріп алған. Енді ақсақал прокуратураға шағымданатын болды.Ұйымдастырушылар азаматтардың құқықтық сауатын арттыруды көздейтін мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұратынын айтады. Партиялықтар қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндердің саны артуда дейді. Өткен жылы партияның қалалық филиалына 10 мыңға жуық адам жүгінсе, биыл жыл басынан бері азаматтар тарапынан 893 өтініш түскен. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Тұрғындардың мәселелерін шешу және тегін заң көмегін көрсету. Шарада кез-келген азамат мемлекеттік орган өкілдеріне өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап ала алады.
Сұрақтардың басым көпшілігі жылжымайтын мүліктерді заңдастыру мен жер учаскелеріне қатысты сауалдар. Сондай-ақ, жалғыз басты аналардың алимет ала алмай жүргендіктері анықталып, кеңес берілді. Алдағы уақытты қаузалған мәселелер аяқсыз қалмайды дейді заңгерлер.
Дәстүрге айналған акция алдағы уақытта да қолдау табары сөзсіз.
Шымкент келбеті

Ұқсас ақпараттар

1 ай бойы «Есірткісіз болашақ» тақырыбында іс-шаралар өткізіледі

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 2 БАҒДАРҒА ЖАҢА АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ТУРИСТЕРДІ ТАРТУ ҮШІН ЖАРНАМА КЕРЕК

smarttop

Пікір қалдыру