-2.7 C
Шымкент
Пятница, 15 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТІЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Мемлекет тарапынан қазақ тілінің қолданыс кеңістігін кеңейтуге жағдай жасалып жатыр. Қазақ тілін үйреніп жүргендердің саны да жылдан жылға көбейіп келеді, олардың арасында өзге ұлт өкілдері де баршылық. Елімізде Тілдер мерекесі де аталып өтіп жүр.
Шын мәнінде тілдер мерекесі – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Осы орайда, Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтуде, Шымкентте бірнеше іс-шаралар жүргізілуде.
Соның бірі қаладағы көп салалы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де тіл жанашырларының бас қосуымен “Қазақ тілі- ұлы даланың ұлтаралық тілі” республикалық форум болып өтті.
Форумның басты мақсаты- қазақ тілінің тек бір ұлттың емес, бүкіл халықтың ортақ қарым-қатынас құралына айналу қажеттігін жүзеге асыру. Қазақ тілін үйренуге, дамытуға және оны қоғамдағы барлық салада кеңінен қолдануға бағыттау, қоғамдағы рөлін арттыру, насихаттау болды.

Бүгінгі таңда, ендігі ойыңды өрнектеп түсінікті етіп беретін сөздердің тіліне келейік. Халықты біріктіретін тіл деп айттық,  Тіл дегеніміз қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі деген сияқты әр халыққа тән сөздер жиынтығы. Тіл – ұлттың ерекшелігін айқындайтын құрал. Адамдар түрлі ұлттарға қалай бөлінеді? Әуелі олардың тілдерінде айырмашылық пайда болады да, содан адамдар ұлтқа бөлінеді. Тілдеріндегі айырмашылық дегеніміз сөздегі айырмашылық. Сол арқылы адамдардың болмыстары өзгереді де, ұлттардың болмыстарында, кескін-келбеттерінде айырмашылық пайда бола бастайды. Екі түрлі тілде сөйлейтін ұлтты бір ұлт деп санауға болмайды. Шынтуайтында, ойланатын тілің қандай тіл болса, сен сол ұлттың адамысың. Таза қазақ тілінің өзі сондай әуезді естіледі ғой. Қазақ тілі соншалықты бай әрі тыңдаған сайын құлағыңның құрышы қанады. Әдетте, қазақ тілінің бай екендігі соншалықты, біз ойымызды оп-оңай жеткізе аламыз.

Форумға тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері қатысты.
Шара барысында “Тіл-қоғамның айнасы” тақырыбында шағын бейнеролик көрсетіліп, баяндамалар оқылып, тіл мәртебесін көтеру жайында келелі ойларымен бөлісіп, тұжырымды ұсыныстар ортаға салынды.
Жиынның соңында форум қатысушыларына үндеу жарияланып, көрермендердің ой-пікірлері тыңдалып, тілжанашырларына құрмет көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ ДИНАМИКАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА 4 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ АШЫЛУДА

smarttop

ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕ-БАЛА БОЛАШАҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ 51 015 АЗАМАТ ТІРКЕЛГЕН

smarttop

Пікір қалдыру