4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Amanat» партиясы филиалында азаматтарды қабылдап, тұрғын үй, жер қатынастары, кәсіпкерлік және көлік инфрақұрылымы салаларындағы мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ тұрғындар қалада су құбырларының өткізгіштігін арттыру үшін автоматты тазарту станциясын орнату туралы ұсыныстарын да жеткізді.

Мегаполис басшысы әріптестерімен бірге қала әкімдігінде 120-дан астам азаматты қабылдады. Тұрғындардың басым бөлігін толғандыратын өзекті мәселелер  білім беру, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер телімдерін заңдастыру мәселелерін көтеріп нақты шешімінің жолын табу.  Сонымен қатар, қала әкімі ерекше балаларға арналған мектеп салу, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жобаларын таныстыруды халықпен кездесу барысында талқыға салды.

Жалпы, қала әкімі мен орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тиісті шешімдер қабылдауды Үкімет тапсырмасына сай жүзеге асырып келеді. Әкіммен кездесу мәселесін айту бұрынғы кездегідей қиынға соқпайтынын жасырмасақ та болады. Халықта мәселе туындады ма кездесуге жазылып, орындалмай жатқан тапсырмалары мен толғандырған мәселелердің шешу жолын ұсынып, қала басшысының алдында тікелей қоя алатыны, тұрғындардың әрбір мәселесі бақылауда болатыны көңілдеріне сенім мен қоғамдағы ойды өзгертіп халықтың сенімін оятқаны қуантарлық жайт. Азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізген Ғ.Сыздықбеков аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп және де халықпен кері байланысты жақсартуда да жауаптыларға міндеттер жүктелді.

Ұқсас ақпараттар

«ҮЗДІК АУДАН» НОМИНАЦИЯСЫН ЖЕҢІП АЛҒАН АУДАН

smarttop

Үй иесін 1,5 миллионға жуық қарызға отырғызып кеткен күдікті әйел анықталды

smarttop

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ӨРТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру