13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ӘРБІР АЗАМАТ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНСЕ, ТҮПКІ МАҚСАТҚА ЖЕТЕРІМІЗ АНЫҚ

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Жайлау шағын ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтті. «Таза көше» деп аталатын іс-шара барысында аудан тұрғындары, белсенді жастар мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері шағын аудандағы қараусыз қалған гүлзар мен оған іргелес аумақтарды және көше бойларын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада көше бойлары тазаланып, қоқыстар шығарылды, қураған ағаштар кесіліп, қоршаулар мен орындықтар сырланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ұйымдастырған бұл шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға қатысты өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға ынталандыр және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
«Бүгін сүйікті қаламыз Шымкенттің тазалығын сақтауға азғантай да болса үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Егер әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, жауапкершілікті сезіне білсе, Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып, түпкі мақсатына жететініне сенеміз», — дейді қала тұрғыны, әділ билер кеңесінің төрайымы Орынша Тәжібаева.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлері шомылу орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

smarttop

ТҮРКІСТАН: ӘРБІР ӨТІНІШ САПАЛЫ ЖӘНЕ МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

smarttop

«Мемлекеттен 5 миллион теңге жәрдемақы алып беремін» деген алаяқ әйел анықталды

smarttop

Пікір қалдыру