1.3 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЭКСПРОМТ-кездесуде АЭС маңызы түсіндірілді

Кездесуде штаб мүшелері атом энергетикасының әлемдегі ахуалы жайлы атап өтті.
ЭКСПРОМТ-кездесуде АЭС маңызы түсіндірілді

АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық және қалалық Халықтық штаб мүшелері «Small» сауда үйінде ЭКСПРОМТ-кездесу өткізді.

Кездесуде штаб мүшелері атом энергетикасының әлемдегі ахуалы жайлы атап өтті. Себебі, Еуропа, Ресей мен АҚШ, Қытай елдері атом реакторларын, атом станцияларын салу ісіне білек сыбана кірісіп, келешекте энергия тапшылығының алдын алуға жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Тариф вендорлармен келіссөздер жүргізіп, жобаны жүзеге асыру шарттарын талқылағаннан кейін және жобалық құжаттаманы әзірлеуден соң анықталады. Бұл талқылаулар мен құжаттаманы дайындау жобаның барлық экономикалық және техникалық аспектілерін ескере отырып, әділ және бәсекеге қабілетті бағаны белгілеуге көмектеседі.

Бұл тұста, әлемдік қауымдастық өкілдері жаһан үшін қауіпті көмірқышқыл газын таратудың алдын алу үшін 2060 жылға қарай көмірді мүлде пайдаланбау мәселесін көтеріп, нақты межесін бекітті. Қазақстан да бұл талапты орындауы қажет. Ал атом энергиясы ауаға улы қалдықтар шығармайды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом электр станцияларын пайдаланудың көп жылғы тәжірибесі олардың адамдарға және табиғатқа зиянын тигізбейтінін растайды. Ғалымдар ірі жылу электр станциясы аймағындағы жеке сәулелену дозалары атом электр станциясының жанындағы ұқсас дозадан 5-10 есе артық екенін эксперименталды түрде анықтады.

Сондықтан ядролық энергия «жасыл» деп танылды. Бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза болып саналады.

Емхана ұжымы қуатты келешекті таңдайды

АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық және қалалық Халықтық штаб мүшелері «Q-med» клиникасында ЭКСПРОМТ-кездесу өткізді.

Денсаулық сақтау саласында өзіндік сапасымен, заманауи медициналық құрылғылары және білікті мамандары арқылы тұрғындарға қызмет етіп келетін емханада бүгінде 100-ден аса қызметкер жұмыс істейді.

Басқосуда штаб мүшесі Пірмұхамед Сыздықов: Атом энергетикасы біздің елге сөзсіз қажет. Себебі, бүгінде энергия тапшылығы салдарынан біз көрші мемлекеттерге тәуелді болып отырмыз.

Атом станциясы салынған күннің өзінде біз өз қажеттіліктерімізді толық өтей алмаймыз. Станция тек 12 пайыз қажеттілігімізді қамтиды. Сондықтан, станциялар, реакторлар санын арттыру арқылы бейбіт уранды байыту көмегімен біз бұл тығырақтан шығамыз.

Өздеріңізге белгілі дамыған мемлекеттердің көпшілігінде ондаған атом ректорлары жұмыс істейді. Олардың қызметін халықаралық «МАГАТЭ» ұйымы қалытқысыз бақылап отырады. Көпшілік атом энергиясынан бөлек күн мен желден алатын энергияны да дамытуды ұсынуда. Бірақ, оның барлығы тұрақсыз екенін атап өту қажет.

Ал атом станциясы салынар болса 8000 уақытша жұмыс орны, салынғаннан кейін 2000 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл арқылы елдің әлеуеті артып, қалтаға қонымды электр тарифі қалыптасары анық,-деді.

Жаңа даму дәуіріне қадам басудың алғышартының бірі – «Жасыл энергияны» қолдау. Келешек ұрпаққа қолайлы жағдай жасау мәселесіне тоқталған штаб мүшесі Алтын Итенқызы: «Бүгінде электр қуатын тұтыну көлемі артып келеді. Сондықтан, болашағын ойлаған елдер атом станциясының құрылысын бастап кетті. Оның ішінде көрші Моңғолия, Өзбекстан секілді мемлекеттер бар. Әрине, әр адамның өзіндік пікірі бар. Дегенмен, бүгінгі күннің миссиясы – атом энергиясын дамыту», — деді.

Жиында медицина саласының ұжымы атом энергетикасы турасында пікірлерін білдіріп, қолдайтынын жеткізді.

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов: АЭС – еліміздің жарқын болашағына жасалған батыл қадам

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Сидней Олимпиадасының чемпионы, халықаралық спорт шебері Ермахан Ибраимовпен кездесті. Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы мен атом электр станциясын салудың ел болашағына тигізетін пайдасы жан-жақты талқыланды.

Олимпиада чемпионы өзінің спорт саласындағы тәжірибесі арқылы елдің болашағы мен келешек ұрпаққа қатысты маңызды мәселелерге әрдайым көңіл бөлетінін айтты. Ол энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақты даму – Қазақстанның стратегиялық мақсаттары екенін атап өтті.

«Мен атомшы да, сарапшы да емеспін. Бірақ спортшы әрі Қазақстанның патриоты ретінде бұл жобаны қолдаймын. Біз өз болашағымызды ойлап, тұрақты әрі сенімді энергия көзін таңдауымыз қажет. Атом энергетикасы – еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі. Әр саладағы жетістік, соның ішінде спорттағы жеңістер де елдің тұрақты дамуына тікелей байланысты», – деді Ермахан Ибраимов.

Спорт шебері өз сөзінде алдағы 6 қазанда өтетін референдумның тарихи маңызына тоқталды.

«Менің ұстанымым айқын. Еліміздің жарқын болашағы үшін АЭС салуды қолдаймын. Бұл жоба тек энергетикалық тәуелсіздік емес, экономикалық тұрақтылыққа да үлкен септігін тигізеді. Алда тұрған референдумда мен өз дауысымды осы жобаға беремін», – деді ол.

Кездесу барысында Халықтық штаб өкілдері АЭС жобасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне қосатын үлесі мен оның экологиялық тұрғыдан таза әрі сенімді энергия көзі екенін атап өтті.

Сөз соңында, Халықтық штаб өкілдері барлық азаматтарды референдумға қатысып, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Ұқсас ақпараттар

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫ ЖАҢА ТҰРҒЫНДАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТКЕ 84,8 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА АУДАНДАРЫНДАҒЫ ПІКІРІН ТЫҢДАП, ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНУДА

smarttop

Пікір қалдыру