-6.7 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШАҺАР БАСШЫСЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Нұршуақ» және «Жұлдыз» шағынаудандарында салынып жатқан заманауи мектептердің құрылысында болып, жұмысын тексерді. Бұл оқу орындары пайдалануға беруге дайын. Ал үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында сабақ оқу жылының екінші тоқсанынан басталады. Жұмыс барысымен танысқан әкім мердігерлерге бірқатар ескертулер жасады және оны қысқа мерзім ішінде жою бойынша тапсырма берілді.

Бұдан бөлек әкім, «Жаңаталап» тұрғын алабында салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 80%-ы аяқталған. Жақын арада көлік қозғалысын ашу жоспарланған.

Шаһар басшысы Тұран ауданындағы Қ.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебіне барып, жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты. Айта кету керек, қала әкімі өткен аптада бірінші қабатта ағымдағы жөндеу жүргізуді және кәріз жүйесін жаңартуды тапсырған болатын. Сол кезде ғимараттың техникалық жағдайы туралы қате қорытынды берген «STROYCORP» ЖШС-не қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, Абай саябағындағы скейт-паркте болды.Бұл жерде де Аудан әкімі мен энергетика басқармасына қосымша жарықтандыру бойынша нақты тапсырма берді.

Осыған орай еске салатын мәселе, бұған дейін қала әкімі «Жұлдыз» тұрғын алабындағы  мектептің құрылыс обьекті жұмыстарын және 17-ші шағынаудандағы «Фосфорник» мәдениет үйін сүріп саябақтың кеңейуін қамтамассыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да бақылаған болатын. «Бозарық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен және Тұран ауданындағы №33 жалпы орта мектеп ғимаратының қазіргі жағдайымен танысып та қайтқан болатын.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҢ ДАМУЫНА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛЫП ОТЫР

smarttop

Шымкент: Тәртіп сақшылары қаруға ұқсас зат алып жүрген азаматты анықтады

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ ҰОС АРДАГЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру