ЮНЕСКО-ның Халықаралық музыка кеңесінің шешімімен жыл сайын қазанның 1-ші жұлдызында Халықаралық музыка күні атап өтіледі.
Осыған орай алғаш рет Шымкент қаласына «Астана Опера» труппасы келді. Елімізге танымал өнер жұлдыздары да қатысқан концерт Шымкент қалалық опера және балет театрында өтті.Концерттің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Ілиясова қатысты.
«Астана Опера» опера труппасының директоры Мейір Байнеш «Қалаларды біріктірген музыка» атты жоба аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл музыкалық шарада елордалық труппа қазақстандық композиторлардың туындыларымен қатар, әлемдік опера жауһарларына толы жарқын бағдарламаны көрерменге ұсынды.
– Бұл гастроль Қазақстан бойынша турлар географиясын кеңейтіп, қаладан қалаға ауысқан классикалық өнердің өзіндік бір сипатына ие болмақ. Теарт сахнасының шағын болуына байланысты, біз кейбір қойылымдарды ұсына алмадық. Сол үшін, оркестрь құрамынан 35 адам, хор орындаушыларынан 38 адам және солистерді әкелдік»,- деді, өз сөзінде Мейір Байнеш.
Сондай-ақ, ол кеште Қазақстандық композиторлардың туындыларын орындауға ерекше маңыздылық берілгенін де атап өтті.
Соның бірі, және бірегейі Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан «Шегенің термесі» мен М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан «Айтыс» сахнасы сынды ұмытылмас сәттер, тыңдармандарға зор әсер қалдырды.
Ал Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің орындалуы әртістерге де, көрермен ге де отансүйгіштік сезімін шыңға шығарды. Барлық шабытқа толы өнер туындылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрінің және хорының сүйемелдеуімен болды.
Бұл жөнінде «Астана Опера» опера труппасының директоры Мейір Байнеш шығармалардың барлығы ұлттық музыкалық мәдениетті көрсетті. Қазақ тарихына терең үңілетін оңтүстік жұртшылығының әсте көңілінен шықты деген ойдамыз. Оларды орындау түп тамырымызға оралу дегенді білдіреді,-деді.