6.3 C
Шымкент
Вторник, 26 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 2024-2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілді. Бұл айлық тұрғын үй секторларындағы қауіпсіздікті күшейтуге және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Іс-шара барысында үш негізгі кезең бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 8 мыңнан астам тұрғынға қол қою арқылы қауіпсіздік жадынамалары таратылды. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – осал топтардың жылыту маусымы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың ақпараттық деңгейін арттыру.

Қаладағы табиғи газға қосылмаған және пропан газ баллондарын қолданатын 22 жатақханаға толығымен тексеру жүргізілді.

Одан бөлек, 13 мыңнан астам қатты отынмен жылытылатын тұрғын үй тексеріліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жасалды. Пеш мұржаларын тазарту, ақаулы құрылғыларды ауыстыру және қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осыған орай 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына өрт-тактикалық сабақтар дайындығы әлеуметтік нысандарда өткізіледі.

Көктемгі жаңбыр салдарынан Шымкент қаласында зардап шеккен екі жеке тұрғын үйдің жылу беру маусымына дайындығы тексерілді. Тұрғын үйлерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кешенді үгіт-насихат іс-шараларының жоспары дайындалып, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторларында өрттер мен улы газдан болатын қайтыс болу оқиғаларын алдын алу үшін арнайы жоспар құрылды. Жоспар бойынша, алкогольдік ішімдіктер бойынша есепке алынған адамдардың тізімі жасақталды, ал өрт орын алған аймақтарда үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Лэд экрандарда «Өрт қауіпсіздігі талаптары» және «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптарында видеороликтер көрсетілді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта өрт профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыратынын хабарлайды.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

smarttop

Президент Жарлығымен Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «МЕНІҢ ГҮЛДІ АУЛАМ» ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру