Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЫНТЫМАҚ-2 ЖӘНЕ БОЗАРЫҚ — 1 ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент халқына қолайлы жағдай жасап, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындармен бірге Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптарын газға қосуға қатысты.

Газ құбырларының құрылысы 2023 жылы басталған болатын. Аталған шағын аудандарды газдандыру аясында 6000-нан астам абонент көгілдір отынға қол жеткізді.

Қала әкімі халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру басым бағыттар екеніне тоқталды.

«Елдімекендерді жоспарлы газдандыру экологияны жақсартуда және орнықты дамытуда, қолайлы орта қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», — деді Ғ.Сыздықбеков.

Табиғи газға қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «Qazaqgaz Aimaq»АҚ-на өтінімдер мен құжаттарды ұсыну қажет.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Қариялық – даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі»

smarttop

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ОЗНАКОМИЛСЯ С РАЗВИТИЕМ СЕЛЬХОЗПЕРЕРАБОТКИ, ПИЩЕВОЙ И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКА ОЙЛАП ТАПТЫ

smarttop

Пікір қалдыру