4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Мұнай-газ, автомобиль саласы. Премьер-министр әріптестеріне бірқатар тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мұнай-газ және отандық автомобиль саласы бойынша министрлерге бірқатар тапсырма берді.

Ол Президент энергетикалық дағдарысты болдырмаудың негізгі міндеті ретінде тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайту қажеттігін айқындағанын атап өтті.

Негізгі басымдық – ішкі нарықты, кәсіпорындарды газдандыру. Сондықтан ресурстық базаны ұлғайту мәселесі өте өзекті болмақ. Ол үшін инвесторларға қажетті экономикалық стимулдар көзделуі тиіс. Мемлекет басшысы мұнай-газ жобалары үшін Жақсартылған моделдік келісімшарт пен Арнайы инвестициялық келісімді әзірлеу арқылы осындай стимулдарды енгізуді тапсырған болатын, — деді Премьер-министр.

Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика, Қаржы және Әділет министрліктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде Үкіметке заңнамалық түзетулердің тиісті пакетін енгізуді тапсырды.

Президент отандық автоөнеркәсіптегі локализация мәселесіне назар аударды. Бүгінгі таңда автомобиль саласы машина жасау мен бүтіндей өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі драйверіне айналды. Сондықтан бұл саладағы жергілікті қамту мәселесі халық үшін ашық әрі анық болуы тиіс. Индустрия министрлігіне бір апта ішінде автоөнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік алаңдарына барып-көру кестесін белгілеуді тапсырамын. Баратындардың қатарына міндетті түрде сарапшылар мен қоғам өкілдерін қосу қажет, — деп тапсырма берді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов жалпы халық үшін отандық автоқұрастыру кәсіпорындарының қызметі туралы арнайы бейне-материалдар дайындап, БАҚ арқылы таратуды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ЖОСПАРЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ, КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

Мал ұрламақ болған үшеу ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру