3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АВТОХҚО-дағы ЖАҒДАЙ БОЙЫНША

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы N1 мамандандырылған ХҚО-да С1 (жүк газель) санаты бойынша практикалық жүргізуші емтиханын тапсырғысы келетіндердің саны көп.
Бұл категория бойынша құжат алуға ниетті азаматтар санының күрт өсуі қаладағы екі автодромның бірінде техникалық жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп болуда. АвтоХҚО-ның өзі штаттық режімде жұмыс істеп тұр, клиенттер автокөліктерді қайта тіркеу және теориялық емтихан тапсыру қызметіне жүгіне алады.
Ақпан айының соңынан бастап автодром жұмысын жалғастырып, көлік жүргізудің барлық санаттары бойынша азаматтарды қабылдай бастады. Дегенмен, осы уақыт ішінде тәжірибелік емтихан тапсыруға ниет білдірген азаматтар саны көбейді. №1 автоХҚО-ға Шымкент қаласының тұрғындарының ғана емес (халық саны – 1 миллионға жуық адам), бүкіл Түркістан облысының (халық саны – 2 миллионнан астам адам) жүгінуі жағдайды қиындатып отыр.
Келушілердің көптігін ескере отырып, қазіргі уақытта автоХҚО-ның жұмыс істеу уақыты ұзартылды. Сондай-ақ С1 санаты бойынша емтихан тапсыруға қосымша автокөлік бөлінді.
Сонымен бірге С-1 санатындағы көліктерге GPS датчиктері орнатылғанша Шымкент қалалық полиция департаментімен практикалық емтиханды комиссия арқылы қабылдау мәселесі пысықталып жатыр.
Одан бөлек, қазіргі таңда Түркістан облысында автоХҚО ашу мәселесі шешіліп жатқанын хабарлаймыз.
Видеода болған жағдай бойынша ешқандай құқық бұзушылықтар тіркелмеген. Сондай-ақ мүлікке ешқандай зиян келмеген.
Қосымша: Шымкент қаласындағы №1 автоХҚО 19, 20 және 23 наурызда сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында полицияға тұрғындар 50-ге тарта қару тапсырды

smarttop

«Жастар тәжірибесі» жобасының басталуы

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру