5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов Жедел басқару орталығының қызметін тексеріп шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында, ішкі істер органдарының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілген болатын. Соның бірі – сервистік полиция моделін енгізу. Қазіргі таңда Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осының аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, бүгін Жедел басқару орталығында атқарылып жатқан жұмысты қадағалап, тексерді.

Яғни, озық компьютерлік технологияларды, радиобайланыс және телекоммуникация құралдарын пайдаланатын орталықтың жұмысын көріп шықты. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, түрлі құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтауда, облыстың адамдар көп шоғырланатын аймақтарына, көшелерге қойылған бейнебақылау камераларымен іске асырылып жатқан қызметтіжіті қадағалады. Полицияның кезекші жасақтарының күштері мен құралдарын жедел басқару, қылмыстарға, оқиғаларға, жаппай тәртіпсіздіктерге жедел ден қою бойынша бөліністердің іс-әрекеттерін, қажетті жедел ақпаратты қабылдау, өңдеу мен есепке алуда ЖБО-ның аппараттық-бағдарламалық кешенінің қызметін саралады. Одан бөлек, өздеріңізге белгілі 2022 жыл «Балалар жылы» деп бекітілген. Осыған орай өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі полицейлердің күн тәртібінен түскен емес. Яғни облыстың бас полицейі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында, мектептерге қойылған бейнекамералардың жұмыс жасауын қадағалады. Сонымен қатар генерал М.Қабденов, Жедел басқару орталығына қосылған облыстағы стационарлық бекеттердің сыртқы бейнебақылау камераларының да қызметін мұқият қарап шықты. Жедел басқару орталығының қызметі мен ондағы полицейлердің жұмыстарын тексерген полиция генерал-майоры М.Қабденов, өз сөзінде: «Сіздердің қызметтеріңіз асқан жауапкершілікті талап етеді. «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында, қазіргі таңда орталықтарыңыз барлық заманауи техникамен жабдықталған. Ендігі кезекте, сіздерге күні-түні облысымыздың қауіпсіздігін сақтауда шаршамай, елге сапалы қызмет ету қажет. Жұмыстарыңызға сәттілік!»-деп атап өтті. Айта кетсек, Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен 2022 жылдың 3 айында бейнебақылау камералары арқылы 22 631 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Ал «102» пультіне 14 655, сервистік полиция аясында іске қосылған «SOS» батырмасы арқылы 613 арыз-шағым мен хабарламалар келіп түскен. Келіп түскен ақпараттар бойынша оқиға орнына жедел-тергеу топтары мен қосалқы күштері тұрақты негізінде барған. Сонымен қатар, Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен 48 қылмыстың ізі суымай ашылған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАҒА ҚАРТТАР ДӘН РИЗА

smarttop

АПАТ АҚАУЛАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

smarttop

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: 7 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру