0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Кәмелет жасына толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында семинар өтті

Түркістан облысының полицейлері қоғамға өзекті мәселелердің алдын алу барысында үнемі түрлі кездесулер ұйымдастырады.

Мәселен, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, облыстық прокуратура мен медиация өкілдері және Түркістан облысы ПД мен ҚАПБ/б/-нің тергеушілері қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыланды. Шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтарына, яғни оларға қатысты қандай да бір қылмыстық істерді тергеудің нәтижесінде кездесетін мәселелерге, олардың шешу жолдары мен әдістемелік көмек көрсету.

Облыс көлемінде өткізілген кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында атқарылып жатқан тындырымды жұмыстар айтылды. Жиналғандар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдердің қадағалауынсыз, тұрғын үй мен түрлі ойын-сауық орталықтарда, тыйым салынған уақытта жүруін тоқтату, бейтаныс адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігі жайлы пікір алмасты. Кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтар, оның ішінде көлік құралын тізгіндеу, алкаголь өнімдерін пайдалануын болдырмау мақсатында жүргізілетін жұмыс барысы атап өтілді. Бұндай шаралар бұған дейін де атқарылып келеді. Алдағы уақытта тәртіп сақшылары құқық бұзушылықты болдырмау үшін жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіп, дәрістер мен түсіндірме жұмыстарын жалғастыратын болады. Бұл бағыттағы семинар күн тәртібінен түспейді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

ТЕКЕСУДА САПАЛЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру