31.3 C
Шымкент
Четверг, 24 июля, 2025
Smarttop.kz

Төлебилік полицейлер үйінің ауласында есірткі еккен күдіктіні ұстады

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп, өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Хабар алысымен төлебилік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер адамның ауласынан 5 литрлік баклашка ыдысына өсірілген 3 дана есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған өсімдік «сора» болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШАХМАТ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫ: АУЫЗ СУ, ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ ЖҮЗ ПАЙЫЗ

smarttop

ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру