0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫН АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов аудан аумағында атқарылған жұмыстар мен жоспарлары бойынша баспасөз брифингін берді.

Басқарма басшысы 2021 жылдың есебін баяндай келіп, 2022 жылдың 4 айында атқарған жұмыстардың орындалуы барысына тоқталып өтті. Соның ішіндегі ең өзекті ауыз су, электр энергиясы, табиғи газ мәселелері 2023 жылдың соңында толық шешімін табатынын атап өтті.
«Аудан аумағында «Тассай» индустриялды аймағы орналасқан. Қосымша «Бозарық», «Мәртөбе» елді мекендерінде индустриялды аймақ ашу жоспарлануда»-, деді аудан әкімі.
Аудан аумағындағы ирригациялық арықтардың жалпы ұзындығы – 178 ш.м. құрайды. 2022 жылы су алудың алдын алу мақсатында 12 орынға ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда сатып алу конкурсы өтуде.
Жалпы 554 көп қабатты үй 192 аулаға біріктірілген. Оның ішінде 164 аула абаттандырылған. Қалған 28 ауланы (Нұрсәт т/а, Тұран-2 ш/а) абаттандыру 2023 жылдың жоспарында бар.
Бүгінгі таңда әлеуметтік сала бойынша атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 5164 өтініш келіп түскен, оның 4394-і мұқтаж деп танылса, 164 азамат мұқтаж емес деп танылған. 605 отбасының құжаттары комиссия қарауында.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 500-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ 83 ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

Пікір қалдыру