8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Оқушылар Шымкенттегі әскери бөлімге барды

Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында Ашық есік күні өтті.

Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сынып оқушылары үшін саптық алаңда оқу нүктелері ашылды. Офицерлер мен сержанттар қонақтарға техника мен қару-жарақтың, арнайы аспалардың, қорғаныс және байланыс құралдарының үлгілерін ұсынды, олардың мақсаты мен сипаттамаларын айтып берді. Оқушылар заманауи қазақстандық жауынгердің қаруларын көріп қана қоймай, қолдарында ұстады.
Әскери бөлімді аралау барысында болашақ Отан қорғаушыларға сарбаздардың тұрмысымен танысуға, олармен әңгімелесуге және әскери қызметшілердің өмірі туралы көптеген қызықты ақпарат алды.
— Бүгін біз «Отан қорғаушы деген мамандық бар» сөздің шын мәнін түсіндік. Өйткені, өз елінің нағыз патриоттары ғана өз өмірлерін Отанды қорғауға арнай алады. Осындай мереке үшін ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, — деп бөлісті, 66-шы мектептің оқушысы Альбина Смахан.
Өз кезегінде бригада командирі полковник Нұркен Қарағұлов бөлімде өткізілген күн алдағы уақытта оқушыларға болашақ мамандығын анықтауға көмектеседі деген үмітін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ТАРИФ ҚҰНЫ 17,9 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН БОЛАДЫ

smarttop

Түркістан облысында «Үздік жедел уәкіл» анықталды

smarttop

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫН ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯДЫ

smarttop

Пікір қалдыру