5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 13 000 ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың қорытындысымен 24 779 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырды.
Осы жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын тауып келеді. Яғни, бекітілген көрсеткіштерге сәйкес, 2022 жылы 13 000 астам қала тұрғындары оқудан өтетін болады. Бүгінде, 13 000 адамның 1800-ге жуығы оқыту курстарынан сәтті өттті. Оқу курстары қазіргі таңда қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған порталында «i-shymkent.kz» қол жетімді.
Оқу келесі бағыттардан тұрады:
1. «Базалық дағдылар» (Дербес компьютерменғ, ноутбук, мобильді құрылғылар, интернетпен сенімді пайдалану, «MS Office» нұсқаулығы , «Windows 10» — де тапсырмалар тақтасын пайдалану);
2. «Е-коммерция» (Веб-сайт түрлері және олардың артықшылығы, веб-сайтты жылжыту (SEO), Instagram мақсатты баптау негіздері, SMM-жылжыту);
3. «Ашық үкімет» порталы (Ашық бюджеттер, ашық деректер, ашық диалог, ашық НҚА);
4. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» (Киберқауіпсіздік, алаяқтық схемалардың түрлер, дербес деректерді қорғау);
5. «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» вэб-порталдары (Egov.kz, Мобильді азаматтар базасында тіркелу жөніндегі нұсқаулық, Электрондық қызметтерді алу).
Басты мақсат: тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдылану және аялықтықтан сақ болу.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ АУЫЗСУ БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру