Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырады. Сондай кезекті тазалау жұмыстары барысында аулалардағы ішкі орам жолдары, сонымен қатар, негізгі көшелер мен аяқ жолдар, ирригациялық жүйелер тазаланды. Қоқыс алаңшалары тазаланып, шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілді.
Жұмыр жерді мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-Анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ шығар. Басқасын былай қойғанда, күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Оған зауыт-фабрикалардан шығатын улы химикаттарды қосыңыз. Түрлі нәжістер мен өлекселер тағы бар. Айта берсе сөз жетпейтін «қоқыстар» бүгінде жұмыр жерді мекендеген халықтың ортақ проблемасына айналды. Оның ішінде біз де бармыз. Нақтырақ, осы Арал өңірінің экологиялық ахуалы да мәз емес. Тап осы жылы жағдай жылдағыдан да нашарлады. Бізде тазалық мәселесі мықтап мән беретін жағдайға жетті. Бұрыш-бұрышқа көзіңіз түсе қалса, желмен көтерілген целлофандар мен қаудырлай ұшқан бос құтылар құтыңызды қашырар. Тазалық сақтау ол адам денсаулығына да жақсы әсер қалдыратын естен шығармаймыз.Жалпы, айлап, апталап сыртта жүретіндер болмаса, көбіміз өміріміздің басым бөлігін үйімізде өткіземіз. Ертелі-кеш жұмыста жүретіндердің өзі күніне екі рет өз үйіне, өз ауласына көз салады. Жақсы жағын көрсе көңілі жадырап, ыбырсып жатқан жеріне ыңғайсызданып қалатыны да жасырын емес.
Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес атқарыла береді. Тазалық жұмыстарының уақытылы, сапалы орындалуы аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің бақылауына алынған.
Жалпы, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау- әрбір тұрғынның міндеті.