5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ДА ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Шымкентте қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері бас қосқан «Жаңа саяси реформалардың перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Басқосудағы негізгі мақсат үкіметтік емес ұйым өкілдері қарапайым халықтың талап-тілегін тыңдап, жауапты органдар тарапына жеткізу. Осы орайда айта кету керек, азаматтық қоғамның дамуында үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол.Ұйымдардың негізгі сипаттамалары ретінде 1-ші ресурстарды қарастыру керек.

Жалпы алғанда кез-келген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді.Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары.

Олардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды. Атап айтар болсақ, адам құқығын қорғау мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қозғалған тобын қорғау секілді шаралармен айналысады. Жалпы үкіметтік емес ұйымдар айналысатын салалар өте көп.
– Халық пен биліктің арасында «алтын көпір» рөлін атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жақсартуға, ел дамуына қажет ұсыныстарды талқылауды көздеп отырмыз. Алда бірлесіп атқаратын жобалар көп. Барлығымыздың көздегеніміз – халықтың тұрмысын жақсарту, – дейді Шымкент қалалық Азаматтық Альянс төрағасының орынбасары Жанетте Жазықбаева.
Жиын соңында Конституция күніне және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай бірқатар ардагер әскери қызметкер мерекелік медальмен марапатталды.

Фото – Серік Қосаев

Ұқсас ақпараттар

ХVII СЕССИЯ: МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

smarttop

Полицейлер «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру