13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінім берген жобалар бойынша комиссия отырысы өткізілді.
Жоба аясында 4 грант беріледі, олардың әрқайсысы 1 миллион теңгеден. Гранттар «Мәдениет», «Еріктілік», «Медиа» бағыттары бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде жүзеге асырылуда.
Жобаға Шымкент қаласының жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес 50 жас жобаға қатысты. Толығымен 12 жоба ұсынылып, комиссия отырысында 4 жоба жеңімпаз деп танылды.
«Мәдениет» бағытында – Калиев Салих «Жігерлі жүрек» жобасы
«Еріктілік» бағытында 2 грант – Жолдасбай Дияра, Досымбетова Адема «Қолайлы спорт алаң» жобасы, Ауганбаев Темур «Зиянды әдеттер» жобасы
«Медиа» бағытында – Нұрланұлы Елнұр «Mobi log» жобасы.
Комиссия мүшелері: Оспаналиева Рашкүл Жалелқызы, Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, Садибеков Бижан Әбдіғаппарұлы, Қарғабай Астана Алпысбайұылы, Байзақова Сабира, Исмайлов Сейдулла Кеңесбайұлы.
Комиссия отырысында барлық жобалар бойынша жекелей талқылап, үздік деп таныған жобаны жеңімпаз деп таңдады.

Алдағы күндері жеңімпаз деп танылған жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттар жарияланатын болады.

Грантқа ие болған жобалар жастарды тәрбиелейтін болады. Өз тілдерінде айтсақ, өзгелерге мотивация. Бастаманы қолдаған Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы.  Игі бастама келер жылы да жалғасын табады деп сенейік.
Айта өтейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын анықтау оңайға соқпады.
Сондықтан да, жеңімпаздардың жасаған жобалары жүрекке жеткенін жеткізді. Әрі таңдаулары үшін ұялмайтынын, расында да нағыз таланттардың таңдағандарын айтып қалды. Сөздеріне сенсек, 12 жоба байқауға қатысқан. Бірі жобаны жан-жақты талдап берсе, екіншісі жолда қалған жобалардың кемшілігін өздеріне жеткізіп, кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер ететінін ескерген.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚАНДАЙ САНАТТАҒЫ АЗАМАТТАР ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ МЕГАПОЛИС ЖОЛДАРЫН ҚАУІПСІЗ ЕТУДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ V СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру