Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.

Жиында ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин Конституцияның жаңа нормаларына сәйкес өңір әкімдерін тағайындаудың өзгертілген тәртібі енгізілгенін атап өтті.

Осыған орай, Мемлекет басшысы қалалық мәслихат қарауына 2 қандидатты ұсынды. Депутаттар өз таңдауын жасап, қала әкімі лауазымының кандидатурасына келісімін берді.

–Мемлекет басшысының бастамаларын қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Қала әкімі болып қайта тағайындалған Мұрат Дүйсенбекұлына Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыруда табыс тілеймін. Сіз халық пен Президенттің сенімін ақтауға барлық білім мен тәжірибеңізді жұмсайсыз деп білеміз. Өз еңбегіңіз арқылы Шымкент қаласының өркендеуі мен дамуына үлкен үлес қосатыныңызға сенімдіміз, – деді ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин.

Өз кезегінде М.Әйтенов сенім білдіріп, ары қарай да жұмыс атқаруға мүмкіндік берген Президент Қ.Тоқаевқа және халық қалаулыларына алғысын жеткізді.

– Үлкен жауапкершілік жүктеп отырсыздар. Үміт пен сенімдеріңізді ақтауға тырысамын. Шымкенттің дамуында білімім мен күш-жігерімді барынша жұмсай отырып, өздеріңізбен бірлесе жұмысты ары қарай да жалғастыратын боламыз, – деді ол.

Айтып өтейік, қызметіне қайта кіріскен Мұрат Әйтеновке халық қалаулылары шымкенттік тұрғындардың сенімін ақтаған кемел басшы деп баға берді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫМЕН ЖАҢАРҒАН «СПУТНИК»

smarttop

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов хат жазған ерекше баланың арманын орындады

smarttop

Облыстың бас полицейі жеке құрам үшін ерекше форматта өте маңызды кездесу ұйымдастырды

smarttop

Пікір қалдыру