4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ 500 АДАМҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

❇️ Бүгін Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен Ашық есік күнінде 500 адамға мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңестер берілді.

Ашық есік күні аясында қатысушылар заң, психология, қаржы және т.б. салаларындағы білікті мамандардан өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Жұмыс барысында әр түрлі сипаттағы сұрақтар болды — отбасы-неке, несиені кешіктіру және кадр мәселесі, еңбек даулары, әлеуметтік жәрдемақы төлеу және зейнетақы рәсімдеу. Жалпы алғанда азаматтардың 25-тен астам сұрағы қаралды. Сауал білдіргендерге білікті мамандардың тиісті ұсыныстары берілді.«Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпора­ция­­сының басқарма төрағасы Абылай Оспановтың айтуынша, елордада шетелдіктерді тіркейтін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, автокөліктерге арнал­ған тағы бір қызмет көрсету ор­талығы іске қосылады.

🔷 Тұран ауданының жұмыспен қамту бөлімшесінде өткен шарада мамандар кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясындағы жұмыспен қамтудың белсенді шараларын кеңінен түсіндірді. 🔷 Жастар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастар бизнесін қолдауға арналған шағын несиелеу бағдарламасының талаптарымен танысты. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін мемлекеттік грант шарттары түсіндірілді. 🔷 «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасында жас кәсіпкерлерді қолдау шаралары қамтылған. Биыл қалада 447 адамға 400 🔷 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант және 21-35 жас аралығындағы 261 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру жоспарлануда. @zhumispen.kamtu @shymkent_aleumettik_korgau

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

smarttop

«ТАЗА ҚАЛА АКЦИЯСЫ» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫ САЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру