0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ ШЫМКЕНТТІКТЕР 100% САПАЛЫ ӘРІ АРЗАН ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

❇️Биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.Мамандар оңтүстік өңірде электр қуатының тапшылығы бұрын да болғанын айтады. «Солтүстік-Оңтүстік» электр тасымалдау желісінің өткізу қабілеті қажеттілікті толық өтей алмаған. Сондықтан мегаполиста заманауи қосалқы станциялар бой түзеді. Бірақ оны қарапайым халық 8 жыл күтті. Жарыққа деген тәуелділіктен арылу үшін жергілікті Жылу электр орталығы 2025 жылға дейін бу-газ қондырғысын іске қосуы керек. Ал Түркістан облысында қуаты мың мегаватт болатын турбо-газ зауыты салынады. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында қауіпсіз әрі экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.Сондай-ақ, 28 наурыз күні аталған тарату бекетінде ақау орын алуына байланысты (кернеу трансформаторы істен шыққан) электр қуаты берілуі тағы тоқтаған. Сол себепті, «Самал-3», «Асар» шағынаудандары және Төлеметов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлер, шамамен 5 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз қалды. Бірақ «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і және «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің апатты жою бригадасымен қалпына келтіріп, қазіргі уақытта электр қуаты берілді.

🔷Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізіледі. 🔷Мемлекеттен тартылған электр энергиясының тариф бағасы: жеке тұлғаларға әр Кв үшін – 17 теңге, заңды тұлғаларға-35 теңге, бюджеттік ұйымдарға-39 теңге болып белгіленген. 🔷Электр желілерін тарту жұмыстары қазір Нұрсат, Қайнарбұлақ, Түркістан, Тұран, Ақжар, Ынтымақ (ПС 110 кв) елдімекендерінде жалғасуда. @akimat.enbekshi @shymkent_abay @karatau_shymkent @turan_audany @energetika_shymkent

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМЫССЫЗДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДЕГІ ЖҰМЫС ОРНЫНДА КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

БІРЛІК БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МАРШУТТАР САНЫ КӨБЕЮДЕ

smarttop

Пікір қалдыру