Smarttop.kz

Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары жеке құраммен кездесу өткізді

Жеке құрам арасында тәртіпті нығайту мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев Түркістан қалалық полиция басқармасы, Кентау қаласы, Бәйдібек, Отырар, Сауран және Созақ аудандарының полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жедел кеңеске Әкімшілік полиция басқармасының бастығы А.Тастанбеков, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы А.Төреханов, жеке құрам инспекциясының бастығы Д.Тұрлыбеков пен арнайы шақырылған мамандар қатысты.

Полиция полковнигі Б.Айтпаев жеке құрамды қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауға шақырып, оларға Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша негізгі талаптарды жеткізді.

Сондай-ақ тәртіп сақшыларына бұрынғы қызметкерлердің ұсталғаны, олар жасаған құқық бұзушылықтардың салдары туралы бейнеролик көрсетіліп, қызметтік тәртіпті және «нөлдік төзімділікті» сақтауы тиіс екені ескертілді.

Бұдан әрі кездесуде жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, хаттамалар жасау және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, қасақана бұзғандарды анықтау, оның ішінде «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасын қолдану мәселелері талқыланды.

Кеңес соңында ПД бастығының орынбасары Б. Айтпаев баршаға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің жеке құрамына тиісті құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ БІР АПТАДА 200 ТОННА КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

smarttop

ТӘУЕЛСІЗДІК РӘМІЗДЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ:ТҰРАН АУДАНЫНДА 13 АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ ОРНАТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру