13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҮШ АЙ КӨЛЕМІНДЕ 219 ОТБАСЫ «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласында 219 отбасы, 299 адам «қандас» мәртебесін алды, ал 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 12 отбасынан 18 адамды құрап отыр.

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін беруге келісу туралы не себептері дәлелді түрде негізделген бас тарту туралы шешімін өтініш берушіге жіберу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді.

 Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін беруге келісімін алғаннан кейін бір ай ішінде оны өтініш берушіге жібереді не бас тарту туралы хабарлайды.

Қандас мәртебесін алуға жергілікті атқарушы органның келісімін алған өтініш беруші және оның отбасы мүшелері (бар болса) қандас мәртебесін алу үшін тұрғылықты жеріне келгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік корпорацияға не жергілікті атқарушы органға жүгінеді.

Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Өзбекстаннан келген – 290 адам, Қытайдан – 3 адам, Ресейден – 5 адам, Қырғызстаннан – 1 адам.
Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда – саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысады.
Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына бүгінгі таңға 47 қандас жүгінген. Олардың ішінен 29 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда:
— 4 адам бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданған;
— 2 адам жастар практикасына жолданған;
— 4 адам қоғамдық жұмыстарына жолданып, жұмысқа қабылданған;
— 18 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқыған.

Ұқсас ақпараттар

«ТАКС ФРИ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ 2024 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ПРИЗНАЛИ САМЫМ УДОБНЫМ ДЛЯ БИЗНЕСА ГОРОДОМ В КАЗАХСТАНЕ

smarttop

“ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ” ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСУЫ

smarttop

Пікір қалдыру