16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: 5 ЖЫЛДА 227 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

🔷 Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын 227 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Инвестициялық ресурстардың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.Инвестициялық жоба — халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. 🔷 Жобалардың жалпы құны 1,7 трлн.теңгені құрайды және жаңадан 18 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде 2023 жылы құны 129 миллиард теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 84,8 млрд. теңгеге келіссөздер жүргізіліп, даму стратегиясы нақтыланған инвестициялық жобалар тартылған. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2023 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЗАМАНАУИ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

smarttop

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ДАМУДА

smarttop

Пікір қалдыру