0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ҚАЙТПАС ЕЛДІМЕКЕННІҢ КӨШЕЛЕРІ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

🔷 Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 190 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Ауданның жылдан жылға әлеуметтік экономикалық деңгейі жоғарылап, инфрақұрылымы дамып келеді.

🔷Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында бүгінде 15 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 3 891 жеке секторлы үй, 3 мектеп, 18 балабақша орналасқан. Қазіргі уақытта балалар ойын алаңшасын салуға тиісті жер қарастырылып, биыл балалар қуанышына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде.

🔷 Қайтпас шағын ауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Айта кетейік, биыл шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан Ер Жәнібек, атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Көркем және Али Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылды. Сонымен қатар, серверлік үй жайда порттарға қосу жұмыстары атқарылып, Wi-fi роутерлардың конфигурациялары жазылды.Осы орайда, бірінші кезекте халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту мәсе­лесі қолға алынуда. Болжам бо­йынша бұл жоба электронды сауда-саттықты жандандыру, электрондық үкімет қызметтерін, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы интерактивті құралдарды енгізу есебінен ел дамуына елеулі әлеуметтік-экономикалық серпін беруі тиіс.Жоғарыда атап өтке­німіздей, ауылды кең жолақ­ты интернет қызметіне қосу ел экономикасын модер­ни­за­циялау ісін жеделдету мақсатындағы іргелі шара­лардың үлкен бір бөлігі. Осы­ның арқасында онлайн сау­да, мобильді банкинг, денсаулық сақтау, білім беру сияқты басқа да маңызды салалар дамудың жаңа кезеңіне қадам басады.Білім беру мекелеріндегі ең қажетті құрал ол интернет екендігі бәрімізге белгігі. Сондықтан сапалы интернетпен қамтылу ол бірінші орына тұр. Қажеттілігі зор интернет Қайтпас және Құрсайда қосылуда.

🔷 Сонымен қатар биылғы жылы 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспарланған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, шағын ауданда №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«TEṄ QOḠAM» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ БАСЫНАН 8 МЫҢНАН АСА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ШАҺАР БАСШЫСЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру