22.4 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Іс-шараға БАҚ өкілдері мен қорғаушылар ҮЕҰ және медиаторлар қатысты. Жиынның мақсаты Сот жүйесіндегі соңғы жылдардағы өзгерістерді түсіндіру дейді ұйымдастырушылар.

Қоғамда ең үлкен резонанс тудырған мәселе — заңсыздық. Осылай деген Шымкент қалалық сотының Әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының судьясы Бахтияр Патшаханұлы соңғы өзгерістер сот саласындағы тараптардың құқығын қорғауға және әрбір азаматтың өз құқығын білуге оң нәтиже беретіндігін айтты. Сондай-ақ, қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бастамасымен Жолдауда сотқа жүктелген міндеттердің іске асырылу барысын талқылау мақсатында Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, заңгерлердің қатысуымен «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді. Шымкенттегі аудандық және оған теңестірілген соттарда сот жұмысының заманауи форматтарын және соттың жаңа электронды сервистерін таныстыру мақсатында пресс-тур және ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды.

Бұл күні студенттер үшін сот ғимаратының медиация кабинетінде, судья мен сот қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерінде және сот отырысы залдарында болды.

Студенттер сот төрелігін жүзеге асыру барысымен жақыннан таныстырғандары үшін судьяларға  алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралар олардың сот жүйесіне деген оң көзқарасын қалыптастырып, мамандық таңдауға көмегін тигізетінін айтты.

— Мұндай проблемаға тап болғандар енді тікелей аппеляциялық соттан кейін кассциялық сотқа жүгіне алады. Бұл дегеніміз, сот шешімімен келіспеген жағдайда әрбір азамат кассациялық сотқа бара алады деген ұйғарым. Әрбір тарап өз құқығын пайдалана отырып, әділ шешімге қол жеткізуін көздейді. Бұл жүйе Халықаралық стандартқа сай жасалған. Халықтың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған жұмыстардың бірі, — дейді Бахтияр Патшаханұлы.
Жиынға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.
«Шымкент келбеті».
@актуальное
@подписчики

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 514,3 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

smarttop

Дәурен Жүрсінбаев: «Бір сөзбен айтқанда біздің қызметкерлер – әмбебап полицейлер.»

smarttop

БІЛІМГЕ ҚАРАЛҒАН ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру