9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ:ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ӨМІР СҮРУІНІҢ КЕПІЛІ 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге өндіріс орындааруды ашуды, экономиканы әртараптандыруды, инвестиция тартуды, сол арқылы жұмыс орындарын ашып, халытың әл-ауқатын жақсартуды үнемі айтып, нақты тапсырмалар беріп келеді.

Биылғы елдің көп өңірінде орын алып отырған су тасқыны жығылғанға жұдырық болып тиіп отыр. Су тасқыны кесірінен солтүстіка өңірлерде көктемгі егіс жұмыстары кешігеді, тіпті кей жерлерде егін салу мүлде мүмкін болмай қаалуы да мүмкін. Ал ауылшаруашылығының ел экономикасында алатын орны ерек екені айтпаса да түсінікті.

Десек те, еліміздің үшінші мегаполисі, заманауи қала – Шымкентте көктемгі егіс жұмыстары басталып кетті. Иә, қала десек те, Шымкент халқы ауылшаруашылығының дамуына орасан үлес қосып жатқан аймақ деуге болады. Мәселен, биыл Шымкентте жалпы көлемі 26,5 мың гектарға егіс егіледі. Бүгінгі таңда жоспардың 75 пайызға жуығы орындалды. 10 мыңнан астам гектарға дәнді дақыл, 8,6 гектарға малазықтық, ал қалған аумаққа майлы дақыл, картоп пен көкөніс тұқымы себілді.

Сонымен қатар, алдағы күндері бақша мен майлы дақылдар егіледі. Жалпы бұл егіс алқабынан 86 мың тонна өнім жиналады деп күтіледі.

Өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143 млн 226 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде 122 млн 146 мың теңгесі минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға, 20 млн 480 мыңы тұқым шаруашылығын дамытуға, ал 600 мыңы пестицид пен биоагенттердiң құнын субсидиялауға бағытталған.

Сонымен қатар, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген 36 тонна жеңілдетілген жанар-жағармайға 1 870 гектар егіс алаңын құрайтын 5 шаруа қожалықтың өтінімі қабылданды.

Шымкент қаласы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген жеңілдетілген жанар-жағармайды таратушы оператор анықталып, «ҚазМұнайГаз» ҰК арасындағы тиісті шарт жасалды. Қазір бекітілген кестеге сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне үлестірілу жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы, Шымкент – көкөніс, жеміс-жидегімен шетелдерге де танымал қала. Мұнда жылыжай саласына қызығушылық та­нытқан кәсіпкерлерді қолдау үшін мем­лекеттік бағдарлама аясында субсидия қарастырылған. Нәтижесінде қала аума­ғында өндірістік жылыжай кешендерінің қатары көбейді. Бүгінде қалада көкөніс өсіріп отырған 139 гектар жылы­жай бар.

Соның бірі — 2013 жылы ашылған «Ифтихари» шаруа қожалығындағы жылыжай. Аумағы-2 гектар. Нидерланды технологиясымен жабдықталған. Жылдық өнімі — 350 тонна.

Диқаншылық үшін жылыжайдың әр гектарына, тұқымға және өсімдікке қажетті минералды тыңайт­­қыштарға мемлекеттің қолдау субси­диясын алған.

Жылыжайда көктемде қияр өнімі, күзде қызанақ өнімі жетілдіріледі.

Таяуда қаламыздағы ауылшаруашылық саласының даму көрсеткішімен танысу үшін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен арнайы келген болатын. Ведомство басшысы «АйМар Құс» ЖШС жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Кездесу барысында шаруалармен бірге сүт-тауарлы фермалар мен көкөніс қоймаларын жеңілдікпен несиелендіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, шаруалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салықтың тарифтік ставкасын төмендетуді және асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізуді сұрады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында азаматтардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жолақыны тегін ету мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары қала басшысының бұл шешіміне қолдау білдірді. Жергілікті халықты әсіресе, оқушылардың тегін қатынайтыны қуантып отыр. 1 мамырдан бастап енгізілетін мүмкіндік қолдауды қажет ететін бірқатар санаттарды да қамтыды.

Көріп отырғанымыздай, осы мүмкіндіктердің барлығы қала экономикасының көтеріліп, бюджет қаржысының молая бастауынан болып отыр. Президенттің тапсырмалары бұлжытпай орындалып, экономиканың әр саласын дамытуға жіті көңіл бөлінсе, қала тұрғындарына да бүгінгіден де артық жағдай жасала түспек.

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: «ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ МАССМЕДИАНЫҢ ДАМУЫНДА ЕРЕКШЕ РӨЛ АТҚАРАДЫ»

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АКИМ ГОРОДА ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ СМИ

smarttop

Пікір қалдыру