22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАУДА

Бүгін қаладағы бірқатар насандарды араладым. Қаратау ауданы,«Тассай» және «Таскен» шағынаудандарындағы көшелердің орташа жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Аудан әкімдігі мен құрылысқа жауапты мамандарға жол жөндеу жұмыстарын сапалы әрі кестеге сәйкес жүргізуді тапсырдым.
Сонымен қатар, Тұран ауданындағы «ҚазЭнерго-1» және «Электрокомплект-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қызметтерімен таныстым. Бұл кәсіпорындар кабель және сым бұйымдарын шығарумен айналысады. Өз кезегінде серіктестік басшылығы ағымдағы іс-шаралар мен даму жоспары туралы ақпарат берді.
Бұдан бөлек, Әл-Фараби ауданы, Қазыбек би көшесінің тұрғындарымен жүздестім. Олармен аулаларды абаттандыру, көлік қоятын орындар, бейнебақылау камераларын орнату және аумақты тазалау сынды бірқатар өзекті мәселелерді талқыладық.
Сондай-ақ «Global Coffee» кофеханалар желісінің цехында болып, кофенің терең өңдеу барысымен таныстым. Кәсіпкерлермен шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөйлестік.
Одан әрі Еңбекші ауданындағы футболдан №17 қалалық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болдым. Мектеп оқушылары үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында мекеме басшылығы мен салалық бөлімнің алдына бірқатар міндеттер қойдым.
Сондай-ақ, Қаратау ауданы, Назарбеков көшесіндегі арық желілерін кеңейту, кәріз коллекторларын қосу жұмыстарының барысын тексердім. Бұл бағыттағы жұмыстар көше мен аулаларды су басудың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатыр.
Аралау соңында Әйтеке би көшесі, «Отбасы аллеясы» және Абай саябағының қазіргі санитарлық жағдайына бақылау жасадым. Аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды тапсырдым. Көшелер, аулалар мен саябақтар таза әрі жинақы және азаматтар үшін қауіпсіз болуы керек.

Ұқсас ақпараттар

Құрметті қала тұрғындары!

smarttop

Ә.ҚАСТЕЕВ КОЛЛЕДЖІ ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 65% ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

smarttop

Пікір қалдыру