Smarttop.kz

Жаңталаптағы жаңа көпір қолданысқа берілді

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында тұрғындармен көшпелі кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жаңаталап шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен бірге жаңа көпірдің ашылу салтанатына қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, осы жазда жауын-шашынның көп болуына байланысты Бадам өзені суы күрт көтеріліп кетуіне байланысты 2-тіректің түбін шайған. Соның нәтижесінде тіректің іргетасының жер деңгейінен төмен бөлігі (свая) ашылып, көпір жарамсыз күйге түсті.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған көпірге осы уақытқа дейін көпірдің конструктивтік бөліктері бойынша ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Аталған көпір Жаңаталап тұрғын алабын орталықпен байланыстырып тұрған негізгі жолдың бойында орналасқан.
Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан апаттың алдын алу мақсатында тіректердің астына 40 машина ірі бетон құрылыс қалдықтарын тастауына және 15 техника жұмылдырылуына қарамастан Бадам өзенінің су ағыны қатты болуына байланысты көпір тіректерінің қисаюына алып келді.
Көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мердігер мекеме анықталып, бұзу жұмыстары және көпірге қажетті элементтері бірден дайындалды. Көпір 18 метрлік балкалар арқылы 5 өткелден (тіректен) тұрады.
Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес құрылыс мерзімі 9 ай, алайда нысанның маңыздылығын ескере отырып, 4 айда құрылыс жұмыстары толық жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

Ұқсас ақпараттар

В ТАШКЕНТЕ ПОДПИСАНЫ ТРИ СОГЛАШЕНИЯ НА РЕАЛИЗАЦИЮ ПРОЕКТОВ В ШЫМКЕНТЕ СТОИМОСТЬЮ $196 МЛН

smarttop

БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Мемлекет басшысы Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады

smarttop

Пікір қалдыру