5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ БҮЛІНГЕН НЫСАНДАР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктерден Шымкент қаласына 4 млрд теңгеден астам шығын келіп, 190 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Оның ішінде 71 адам полиция қызметкерлері мен әскер сарбаздары. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен актив отырысында мәлім етті.

«Сындарлы сәттерде халыққа қорған болып, жағдайдың ушығып кетпеуіне жол бермеген күштік құрылымдардың қызметкерлеріне және қоғамдық тәртіпті қорғауға шыққан еріктілер мен сол уақытта көмектескен барша кәсіпкерлерге алғыс айтып, ризашылығымды бідіремін. Бүгінде бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде»,-деді қала әкімі.

Тәртіпсіздік салдарынан қалада 8 мемлекеттік және 29 бизнес нысан зардап шекті. 90 арнайы көліктер зақымдалып, оның ішінде 40 көлік жанып кеткен. Қарапайым адамдардың да бірқатар мүлкі жарамсыз болып қалған.

Әкім қаңтар оқиғасының зардабын жою жұмыстарын одан әрі жалғастырып, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе жұмыс істеуді орынбасары Мақсұт Исаховқа тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ «САҚАЛДЫ» ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАДАҒАЛАУҒА АЛЫНДЫ

smarttop

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ!

smarttop

БИЫЛ КӘРІЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 60% ҒА ЖЕТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру