Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері жағдайы төмен отбасыға қайырымдылық жасады

Қайырымдылық — адамзат бойындағы ерекше қасиеттің бірі болып саналады. Қайырымдылық пен ізгілікке адамгершілікке жетелейтін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз.

Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды ел қорғандары өздеріне парыз еткен. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Адам баласының осынау асыл қасиетін айшықтайтын қайырымдылық іс-шарасы бүгінде біздің полиция қызметкерлерінің арасында кең етек жайып, тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Осындай игі істі арыстық полицейлер жалғысбасты ана Айгүл Баймұратованың отбасына жасады. Полиция қызметкерлері көмекке мұқтаж отбасының үйіне барып, хал-жағдайын сұрап, азды-көпті азық-түлік пен қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда жалғысбасты ана 3 қыз 2 ұл тәрбиелеп отыр.
Өз кезегінде А.Баймұратова полицейлерге алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргендеріне ризашылығын жеткізді. «Жақсы іс жан семіртеді». Сондықтан бір-бірімізге қолғабыс етуден шаршамайық!

Ұқсас ақпараттар

АҚТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ 1776 БАЛА СУДА ЖҮЗУ КУРСЫ БОЙЫНША ТЕГІН САБАҚ АЛДЫ

smarttop

2024 ЖЫЛЫ АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН ӨЗЕНДЕР СУЫНЫҢ САПАСЫНА 7 585 ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру