Шымкент қаласында Республика күніне орай жасалып жатқан форум бастау алды. Осы Форум алды 2022 жылғы 20 қазан күні Республика күніне орай Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы бастау алды.
«Қайырымдылық керуені» форумы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №1014 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 8.1 тармағын іске асыру мақсатында және балалар жылы шеңберінде ұйымдастырылуда.
Форум балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін тәрбиелеу және дамыту, тұлғаның үйлесімді дамуы және қазіргі қоғам жағдайында сәтті әлеуметтену үшін қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өткізіліп жатыр. Республика бойынша барлық өңірлерден 100ге жуық балалар келді.
Бүгін Форум бағдарламасына сәйкес қатысушылар-мүмкіндігі шектеулі балалар Шымкент қаласының қолдауымен қаланың көрікті жерлерін аралап, қалалық хайуанаттар бағын аралады.
Жалпы, Шымкент қаласында ел бірлігін арттыру, Шымкентімізді риясыз достық мекеніне айналдыру бағытында қаламызда әрекет ететін ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар мен 17 этномәдени бірлестік мүшелері аянбай еңбек етіп келеді.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері қайырымды істер жасауда алда келеді. Қазіргі таңда, қайырымдылық бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының бір бағыты болып қалыптасты. Бұған дәлел ретінде кеше Қостанай облысындағы өрт салдарынан туындаған жағдайға байланысты Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері тарапынан 2 265 000 теңгеге гуманитарлық көмегі көрсетілсе, жалпы жыл басынан бері ҚХА тарапынан 8,7 млн.теңге қайырымдылық үйлестірілді.
Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің қатысумен түрлі қайырымдылық шаралары, көп балалы аналар мен жалғыз басты аналарды, мүмкіндігі шектеулі балаларды өмірге икемдеу, көмек көрсету сияқты игі істер жалғасын табуда.
#ҚХА #АНК ##Qogamdyqkelisim #Республикакүні #Қайырымдылықкеруені