Smarttop.kz

ТУРИСТЕРДІ ТАРТУ ҮШІН ЖАРНАМА КЕРЕК

Ал өңірдің туристік әлеуетін жарнамалауда келесі бағыттарда жұмыстар жүргізілуде.

Бірінші, жыл сайын қаланың көрікті жерлері туралы интерактивті альбом шығарылуда. Аталған жарнама құралы арқылы турист өңіріміздің туристік нысандары туралы ақпаратты бір кітапта арнайы бейнероликтер түрінде 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ала алады.

 Екінші, өңірдің туристік өнімдерін ішкі және халықаралық нарықта ілгерілету мақсатында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен қазақстандық халықаралық көрмелерде Шымкенттің арнайы стенді ұйымдастырылып, таныстыру жұмыстары жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласындағы көрмеде қала стенді «Ең үздік стенд дизайны», ал Алматы қаласында «Үздіктердің үздігі» номинацияларын жеңіп алды. Сондай-ақ Ақтау қаласында өңіраралық туристік бизнес өкілдерімен кездесу өтіп, Шымкенттің туристік әлеуеті туралы презентация жасалды.

Бұдан бөлек, Катар, Әзірбайжан, Грузия, Түркия мемлекеттерінде арнайы роуд-шоу ұйымдастырылып, Шымкенттің көрікті жерлерінің таныстырылымы өтіп, екіжақты келіссөздер мен бауырластық және серіктестік байланыс орнату, ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Үшінші, қаланың танымалдығын арттырып, туристерді тарту мақсатында әлеуметтік желілер арқылы «Бақытты қалаға саяхат» конкурсы             5 рет ұйымдастырылды. Оның ішінде екі жеңімпаз еліміздің Ақтау және              Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары, сондай-ақ 1 жеңімпаз Катар мемлекетінің азаматы қалаға келіп, арнайы экскурсиялық бағдарламаға қатысып, өңірдің туристік нысандарымен танысса, 2 жеңімпаз Баку және Алматы қалаларының тұрғындары қыркүйек айында Шымкентке келетін болады.

Төртінші, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Осы мақсатта «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында балаларға арналған 50 туристік экскурсия ұйымдастырылып, оған жалпы саны –               2 500 мектеп оқушысы қатысты.

Жоғарыда аталғандардан бөлек, әуе борттарында аудиохабарламалар мен мақалалар жариялау, жарнамалық-ақпараттық материалдар шығару, роликтер дайындау секілді жарнама жұмыстары да тұрақты негізде жүргізіліп отырады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫМЫЗ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

smarttop

Полицейлер моншаның дүкеніне ұрлыққа түскен ер адамды қамауға алды

smarttop

ТҰРАН АУДАНЫ: 2025 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

smarttop

Пікір қалдыру