0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ ЕКІ КАНАЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауыл шаруашылығы мақсатында, 7-еуі қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылады.
Өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа ше»к, , «Ынтымақ», «Компа»с, «Тоғы»с, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруаларға ағын су үшін қолжетімділігін арттыруда «Сайрам су оң жағалау», «Көк», «Чумчак», «Сай ниже водопада», «Шымкент», Шапырашты» және «Сайрам су» оң жағалау каналдарында күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, 2023 жылы «БМК», «Сасық-1» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жауапты мамандар биыл «Ақсай-Қарабастау», «Қызыл-су», «Янгибай» каналдарының да жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстары басталатынын атап өтті.
Шымкент қаласында ирригациялық жүйелердегі ағынды суларды тиімді пайдалану жауапты басқарманының бақылауында. Бұл бойынша ирригациялық жүйелерді орнату, ұйымдастыру және каналдардың механикалық тазалау жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылып келеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ 1776 БАЛА СУДА ЖҮЗУ КУРСЫ БОЙЫНША ТЕГІН САБАҚ АЛДЫ

smarttop

ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ

smarttop

«Шымкент» клубының арулары – ел кубогының чемпионы

smarttop

Пікір қалдыру