4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАТЫН ЖОБА ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

🔷 Шымкенттің оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолындағы жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистің транзиттік әлеуетін арттыратын нысанның құрылыс жұмыстарын қадағалады. Нысан 6 кезеңнен тұрады.

«Әлемнің логистикалық картасы» деген ұғымның қолданысқа енгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Бұл қазіргі уақыттың стратегиялық құжаты іспетті дүние. Өйткені, экономикалық интеграция дәуірінде ел мен ел, құрлық пен құрлық арасындағы тауар алмасу мен сауда-саттық байланыстарының маңызы артып отыр.Жалпы, біздің транзиттік әлеуетіміздің артуы Еуропа елдері мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланысты да жаңа деңгейге көтергені анық. Мысалға, Қытайдың батыс қақпасынан аттанған жүк су жолы арқылы Еуропаның орталығына жеткенше 40 тәулікке дейін уақыт жоғалтады екен. Немесе дәл осы жүкті ұшақ арқылы тасымалдау су жолына қарағанда 10 есеге қымбатқа түсетін көрінеді. Ал Қорғастағы құрғақ порттың іске қосылуы кәрі құрлыққа бағытталған жүк керуенін 15 күн ішінде жеткізуге мүмкіндік береді. Жоғарыда айтқанымыздай, Лондонға жеткен жүк пойызы айшылық алыс жолды 18 күн ішінде жүріп өткен болатын. Демек, Қазақстанның «Әлемнің логистикалық картасындағы» орыны салмақты деген сөз.🔷 Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты. 🔷 Қазір мұнда бригадалар жер төсемелерін салып, жер асты темірбетонды құбыр орнатуда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстарын аяқтауға 3 ай мерзім берді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: РЕТСІЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТТАРҒА БАЗАРДАН БОС ОРЫНДАР ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАБАНДОЗ ҚАТЫСҚАН КӨКПАР ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру