🔷 Шымкентте интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық берілуде.
🔷 Елдімекендерге «Кcell» АҚ-ымен бірлесе 5G технологиясымен 60 базалық станциясы орнатылды. Қазір Көкбұлақ 96/1 аумағында 5G базалық станциясының монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар келесі аптада аяқталып, базалық станция іске қосылады. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Базалық станцияны басқарушы сервер базалық станция мен абоненттерді басқару, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда абоненттер тарификациясы жүргізіледі. Базалық станция қызмет көрсету аумағында абоненттермен байланыс орнататын құрылғы болып табылады. БС – басқарушы арналардан, антенналардан, көпарналы қабылдау-таратқыш аппаратурасынан, коммуникациялық ин тұратын беру жүйесі. Жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда Шымкент қаласының 92%-ы сапалы интернетпен қамтылғанын жеткізуге болады. Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының дерегінше, 2020 жылы интернет сапасы төмен және шалғай орналасқан Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станциялар орнатылды. Осымен қортындылайтын болсақ, 11 елді мекен 51700-ге жуық қала тұрғындары сапалы интернетпен қамтылды.
🔷 Алматы тас жолындағы «Сайман» сауда үйінің шатырында орналасқан станцияның жұмысы толығымен аяқталды. Аумақта тұрғындар 5G технологиясының артықшылықтарын арнайы смартфондар арқылы тегін қолдана алады. Қалалық цифрландыру басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстардың барысын жіті тексеріп, жыл соңына дейін қойылған жоспардың орындалуын жіті қадағалайды.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі