Шымкент қаласы әкімінің өкімімен сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдірахманұлы тағайындалды.
Басқармаға басшысы жақсы мамандандырылған және олардың біліктілігін арттыру болып табылады. Әрбір алған білімін қала үшін қолдануға, әр түрлі жұмыспен, жақсы жақтармен жақсартуға кепілдіігін беруде.
Нұрбол Әбдірахманұлы 1985 жылы 15 қыркүйекте Сайрам ауданында дүниеге келген.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі — жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, заңгер.
Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының жер кадастры филиалында инженер жерге орналастырушы болып бастаған. 2012 жылы «Жер ҒӨО» ОҚО еншілес мемлекеттік кәсіпорынның сектор бастығы, 2014 жылы «Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Шымкент қалалық бөлімшесінің жерге орналастыруды жүргізу секторының инженер-жерге орналастырушысы, 2015 жылы «Жер кадастры ҒӨО» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Шымкент қалалық бөлімшесі жерге орналастыруды жүргізу секторының басшысы, 2016 жылы «Азаматтарға арналған Үкімет» МКК АҚ ОҚО бойынша филиалы «Жер ҒӨО» департаменті Сайрам аудандық бөлімше басшысының орынбасары, одан соң бөлім басшысының орынбасары, ал 2018 жылы «Азаматтарға арналған Үкімет» МКК АҚ-ның Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Түркістан қаласы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Соңғы жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы міндетін уақытша атқарушы қызметтерін атқарып келген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі