9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҮКІМЕТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРАЛАР КЕШЕНІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Украинадағы қақтығыстың ел экономикасына әсері, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру жайы мен әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесі қаралды.

Қаржы нарығының тұрақтылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін Үкімет ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып, Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады. Теңгелік депозиттерді қорғау аясында депозиттер бойынша сыйлықақы есептеу қарастырылған. Сондай-ақ Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі жаңа шаралар кешенін қабылдады.

Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.

Үкімет отырысынан соң қала басшысы жауапты сала жетекшілеріне кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүзеге асырылатын барлық бағдарламалардың тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет басшысы цифрландыру мемлекеттік сервистің барлық түрін қамтуы тиіс екенін айтып, бұл үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін түгел интеграциялау қажеттігін мәлім етті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер 100% смартфон арқылы қолжетімді болуы тиіс деді.

Осы бойынша әкім цифрландыру басқармасына жұмысмен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығын цифрландыру жүйесіне толықтай көшіру ісін қолға алуды айтты.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

smarttop

«БІЗ ЖҰЛДЫЗ БОЛЫП ЖАНАМЫЗ»

smarttop

ҚОҚЫС ДҰРЫС ТАСТАМАЙТЫН ТҰРҒЫНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру