22.4 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер мереке қарсаңында бақ сынасты

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы мерекесіне орай «Жасөспірімдерге арналған спорт» ашық алаңында спорттық жарыс өтті.

Шараға жеке құрам қызметкерлері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Жұматаев пен басқа да ардагерлер толық құрамда қатысты. Шараның мақсаты — спортпен әрқашан бірге болып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Аталған іс-шарада қатысушылар кіші футболдан, гир тасын көтеруден, турникке тартылудан, арқан тартудан, қол күрестен және тапаншамен атудан жарысты. Жүлдеден үміткерлер өздерінің қаншалықты спортпен айналысатындықтарын көрсете білді. Жеңімпаздар арасында топ жарып, ерекше өнер көрсете білген полицейлерге бағалы сыйлықтар, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының грамотасы және Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының алғыс хаты арнайы кубокпен бірге табысталды.

Ұқсас ақпараттар

Неделя «Өнегелі ұрпақ» в Шымкенте в рамках акции «Таза Қазақстан» началась с посещения 100-летнего ветерана

smarttop

ШЫМКЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОРЛАР КҮНІ АЯСЫНДА ӨТЕУСІЗ ТҰРАҚТЫ ДОНОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

АПАТ АҚАУЛАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру