20.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СУДЬЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков сот ұжымына ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 956 Жарлығымен жаңадан тағайындалған Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков және қалалық соттың судьялары Ерлан Сералиев пен Мәлік Жарқынбековті таныстырды. Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты.
Сонымен қатар, сот төрағасы жиын барысында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, осы соттың төрағасы қызметіне жаңадан тағайындалған Нұрдәулет Рахынбаевты және Абай аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Гүлнұр Саттарованы, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Гүлсара Рахметуллинаны, Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Нұрғали Құламқадырұлын, Қаратау аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Сырым Жақсылықовты таныстырды.
Сондай-ақ, Е.Рахымбаев осы Президент Жарлығымен Қаратау аудандық сотының судьясы Абдолла Сапашевтың отставкаға шыққаны туралы айтып өтті.
Сөз соңында төраға Ербол Мұқажанұлы жаңадан тағайындалған судьяларға сот төрелігін жүзеге асыруда заң мен ар алдында әділдікті тең ұстап, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жемісті еңбек етулері тиіс екенін жеткізді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗЫЛҒАН КӨШЕЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРЫ «IQANAT» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АҚТЫҚ СЫНЫНА АТТАНАДЫ

smarttop

Полицейлер рейд кезінде заңсыз мал тасымалдаған тұрғындарды ұстады

smarttop

Пікір қалдыру