1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЖИЫН-ТЕРІМ ЖӘНЕ ЖЫЛУ МАУСЫМДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

🔷 Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқаны және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері пысықталды.

🔷 Шымкент аумағында бүгінде ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 56,6 мың га құрайды. Биыл егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, әртараптандырудың нәтижесінде дәнді-дақылдар — 11,4 мың га, майлы дақылдар — 3,6 мың га, мал азықтық дақылдар — 8,9 мың га, картоп — 0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары — 3,1 мың га алқапқа егілді. Егістіктен 87,1 мың тн. өнім жиналады деп күтілуде. Күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін дихандарға 44,3 тонна жанар-жағармай жеңілдетелген бағамен — 245 теңгеден босатылады.

🔷 Бүгінде қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалпы, республика бойынша 593 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 64,4%-ы жөнделген. Жұмыстар 50-ден 75% дейін орындалған өңірлер арасында Шымкент қаласы бар. Мегаполисте қолданыстағы жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды.
№1 қазандықтың жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Бөлек орналасқан 23 жылу қазандығынан бүгінде 19-ы қысқы маусымға дайын, қалған қазандықтар бойынша әзірліктер 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады.
Сондай-ақ қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйелерінің дайындығын күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

🔷 Премьер-Министр жергілікті әкімдерге тиісті министрлікпен тығыз байланысып, егістіктердегі шараларды уақтылы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіріп, дайындықтарды күшейтуді ескертті.
Жалпы, қаланың қысқа дайындық жұмыстарының барысы, күзгі жиын-терімге қатысты шаралардың барлығы да М.Дүйсенбекұлының тікелей бақылауында. Бұл ретте апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАРАТАУ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

smarttop

Түркістандық полицейлер мал ұрлығының алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді

smarttop

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

smarttop

Пікір қалдыру